Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын

2018-11-30
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын
2018 жылғы 30 қарашада «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеровтың құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде бұл айтулы күннің әрбір қазақстандық үшін үлкен маңызы бар екендігін атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның орнауы мен қалыптасу тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімімен етене байланысып жатыр. 1991 жылғы 1 желтоқсанда мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президент сайлауы болып өтіп, нәтижесінде Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланды. Шара барысында филиал қызметкерлері Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы шағын бейнебаян тамашалады. Филиал ұжымының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен – мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз! Мемлекетіміздің мерейі үстем болып, ынтымақ пен келісімді ту етіп ұстаған еліміздің абыройы асқақтай берсін. Жанұяларыңызға аман-саулық пен бақыт, шырайлы шаттық тілейміз. Еліміздің ертеңгі болашағы үшін атқарған еңбектеріңіз жемісті болсын!