Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«100 қадам» ұлт жоспары. Мемсараптаманың бәсекелесті ортаға ауысуы

2017-08-31
«100 қадам» ұлт жоспары. Мемсараптаманың бәсекелесті ортаға ауысуы
Жылдам, қолжетімді, сенімді! Көп ұзамай құрылыс немесе сәулет объектісінің жобасын сараптамаға мобильдік қосымша арқылы беру мүмкіндігі туады. «Мемсараптама» өкілдері осы жайында сөз қозғады. Олар солтүстік қазақстандықтарға бұл процесті іштей көрсетіп, электронды нұсқаның бар мүмкіндіктерін назарға ұсынды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қолданыста. 2020 жылға қарай электронды нысандағы мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 80% құрауы тиіс. «Мемсараптама» кәсіпорны да түрленуден өтті. Бұдан бұрын олардың бар жұмысы қағазда болатын. Құжаттармен қағазбастылық салдарынан, қорытындылар тек 285 жұмыс күнінен соң ғана берілетін болатын. «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының директоры Талант Омарбеков: - Бүгінде тапсырыс беруші жобаны сараптамаға беру үшін, өзінің жеке кабинеті арқылы жобаны жүктейді. 5 күн ішінде «Мемсараптама» РМК орталық аппаратымен толымдылығы тексеріледі. Егер де жоба толымды болмаса, онда себептері толық жазылып көрсетіліп, кері қайтарылады, ал егер жоба толымды болса, онда 45 күн ішінде ол сараптамадан өтеді және қорытынды жеке кабинетке келеді. Сараптамалық қызметтің толық автоматтандырылған нұсқасына 2015 жылы ауыстық. Бір жылдан соң порталдың белсенділігі елеулі түрде артты. «Мемсараптама» РМК сараптамалық қызметті автоматтандыру бөлімінің жетекшісі, Астана қ., Әнуар Касимов: - 2016 жылы 16 мың өтініш жолданды. Ал 2017 жылдың бірінші жартысында олардың саны 8 798-ге жетті. Бүгінгі күні біздің 9 мыңнан астам белсенді тіркелген пайдаланушыларымыз бар. Көп ұзамай смартфон арқылы жобаны жүктеуге және қорытындыны алу мүмкіндіне ие боламыз. Қазір мобильдік қосымша әзірленіп жатыр. Кеңеске қатысушылар, атап айтсақ, жергілікті сарапшылар және құрылыс фирмаларының өкілдері, жаңа енгізілімдерге баға берді. Сонымен қатар, мемсараптаманың іштей қалай жұмыс істейтіні туралы мәліметтер берілді. «Архстрой» компаниясы – порталдың белсенді пайдаланушысы. Айына кемінде бір рет ЖСҚ жолдап отырады. Бұның өте тез және ыңғайлы екенін айтады. «Архстрой» ЖШС-нің жобалау тобының жетекшісі Евгений Молоканов: - Шынын айтсам, жас және тәжірибелі адам бола отырып, осындай көптеген қызықты және пайдасы зор нәрселер жайында біраз мәліметке ие болдым, олардың барлығы да керемет әсерге бөлейді. Тамаша! Біздің мемлекетіміз үшін, алға қарыштай басқан әр қадамымыз үшін өте қуаныштымын. Осының барлығына Президентіміздің «100 нақты қадам» ұлт жоспарының арқасында қолжеткізіп отырмыз. Жоспардың 47-ші қадамына сәйкес, жобаларды сараптау бәсекелесті ортаға ауысуы тиіс. Биылғы жылы осындай ЖҚҚ-ның саны 70%-ға дейін жетеді. Келесі жылы тағы да 10 тармаққа артады.