Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада 2017

2017-09-12
Спартакиада 2017
Спартакиада 2017
«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы «Мемсараптама» РМК салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту бағдарламасы шеңберінде «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің арасында жыл сайын өткізілетін Спартакиадаға қатысты. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «ALMA-TAU» әсем таулы-курортты аймағы Спартакиаданы өткізу орны ретінде таңдап алынды. Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өткізілді (шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат, арқан тарту), сондай-ақ жаңа екі түр (жүзу және дойбы) бойынша. Барлық ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Барлық жарыс қызу және ымырасыз күресте, командалардың жанкүйерлерінің белсенді қолдауымен өтті. Ойындардың соңында қорытындылары шығарылып, Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Жүлделі орындарға ие болған командалар грамоталармен, естелік медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ, түрлі аталымдар бойынша үздік командалар мен спортшылар анықталып, олар да марапаттарға ие болды. Жарыс қорытындылары бойынша «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының командасы арқан тарту бойынша 1-ші орынға, үстел теннисі бойынша 2-ші орынға ие болды. Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының командасы Спартакиаданы ұйымдастыру мен өткізу деңгейінің жоғары болғанын ерекше атап, «Мемсараптама» РМК басшылығына және «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің ЖК» ҚБ өздерінің зор алғыстарын білдірді.