2019 жылғы 9 тамызда құрылысшылар күнін мерекелеу аясында «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалында салтанатты түрде филиал қызметкерлері марапатталды.
Адал еңбегі және құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі және жоғары кәсіпқойлығы үшін филиалдың 12 қызметкері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды:
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы Павлодар қ. өндірістік бөлімінің сарапшысы Г.Т.Мұсабековаға берілді;
- «Мемсараптама» РМК-нің Құрмет грамоталарымен сарапшылар марапатталды: Айтжанова С.С.; Заржинская Г.Г.; Турдиев Ф.Н., Кунанбаев А.Т., Ракишева Ж.Т;
- Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен Е.Ю. Игнатович, Т.Г. Васильева, А.А. Асаубаева, А.С. Аухадиева марапатталды;
- Семей қаласы әкімінің грамотасымен Суюндыков С.Б., Жетимеков М.А. марапатталды.