Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Аккредиттелген сараптама ұйымдарына (тізім бойынша)

2020-09-01
Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес, «Мемсараптама» РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) портал Операторы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесінің Операторы болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 670 бұйрығымен «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидалары бекітілген. Осы уақытқа дейін аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманың порталын (бұдан әрі - Портал) және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ВКС АЖ) уақытша тіркелу арқылы Кәсіпорынның 2019 жылғы 28 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітлген нысандар бойынша жасалған келісімдер негізінде пайдаланған болатын. Порталды пайдалану үшін бағалықтар Қағидалардың 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 24-02-24/326-И хатымен келісілді. Сонымен қатар, Кәсіпорын келесі бұйрықтарды бекітті: «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін «Мемсараптама» РМК порталы мен ақпараттық жүйесін жүргізу бағаламасын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығы; «Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісім насындарын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің 2020 жылғы 07 тамыздағы № 44-0-1-44/ЗТ-Е-103 түсіндірмесі негізінде жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға Кәсіпорынның келесі бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген: «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін «Мемсараптама» РМК порталы мен ақпараттық жүйесін жүргізу бағаламасын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 26 тамыздағы № 219; «Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісім насындарын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 26 тамыздағы № 220. Жоғарыда көрсетілген өзгерістерге сәйкес, Порталды және ВКС АЖ-ды пайдаланғаны үшін бағалықтар, сондай-ақ Кәсіпорын мен АСҰ арасында жасалған Кәсіпорын бас директорының 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жасалған, Порталы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісімдер (бұдан әрі - Келісімдер) уәкілетті мемлекеттік органмен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің (мемлекеттік монополияға жатқызылатын сараптамалық қызметке қатысты) тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілген күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте, «Мемсараптама» РМК-нің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген бұрын жасалған келісімдер негізінде аккредиттелген сараптама ұйымдарының (бұдан әрі - АСҰ) Порталды және ВКС АЖ уақытша (өтеусіз) тіркелу арқылы пайдалануы Тізім бекітілген кезге дейін жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Порталды және ВКС АЖ пайдаланғаны үшін төлем Тізім бекітілген күннен бастап алынады. Бұл ретте Кәсіпорын және АСҰ арасында Кәсіпорынның 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша порталы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісімдерді жасау жалғасады, олар Тізім бекітілген күннен бастап күшіне енеді. Кәсіпорынның 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша АСҰ алдын ала төлем төлеген, бұрын жасалған келісімдерге қатысты Келісімдердің әрекеті Тізімді бекіткен сәтке дейін тоқтатылады және алдын ала жүргізілген төлем тоқтата тұру туралы қосымша келісім жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде АСҰ есептік шотына қайтарылатынын хабарлаймыз. Осыған орай қоса берілген нысан бойынша қосымша келісімге қол қоюды және Кәсіпорын мекенжайына жолдауды сұраймыз. Қосымша: 1. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін «Мемсараптама» РМК порталы мен ақпараттық жүйесін жүргізу бағаламасын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығы. 2. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін «Мемсараптама» РМК порталы мен ақпараттық жүйесін жүргізу бағаламасын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 219 бұйрығы. 3. «Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісім насындарын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығы. 4. «Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісім насындарын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 220 бұйрығы. 5. Пайдаланушымен жасалған Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісімге қосымша келісімнің жобасы. 6. Порталға қатысушымен жасалған Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімге қосымша келісімнің жобасы.
AttachmentКөлем
prikaz_ot_26.08.2020_g._no219.pdf684.49 Кб
prikaz_ot_26.08.2020g._no220.pdf562.28 Кб
uvedomlenie_aeo_2.pdf472.86 Кб
spisok_aeo.pdf284.04 Кб