2021 жылғы 7 қыркүйекте «Nur-Otan» партиясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен жоспар үшін онлайн-дәріс өтті.
«Мемсараптама» РМК Бас директоры Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ Қуандық Жұмабекұлы кәсіпорында комплаенс-қызмет құрылған туралы айтып берді.
Дәріс Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Мұратқалиұлы Хайруллиннің және ақпараттық-ағарту штабының төрағасы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Чингизхан Чопанұлы Қожахметовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өтті.
Дәріс соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әлеуметтік ролигі көрсетілді.