Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сараптама жүйесінің ардагері – Г.А. Балтынованы құрметті демалысқа шығарып салдық

2022-05-26
Мемлекеттік сараптама жүйесінің ардагері – Г.А. Балтынованы құрметті демалысқа шығарып салдық
Мемлекеттік сараптама жүйесінің ардагері – Г.А. Балтынованы құрметті демалысқа шығарып салдық
Балтынова Гүлшария Айтмұқанқызы 1955 жылы 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1977 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «Жылумен газбен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі «Инженер-құрылысшы». Саладағы жалпы жұмыс өтілі 42 жылды құрайды. Г.А. Балтынова еңбек жолын 1977 жылы Арқалық қаласының жобалау институтында инженер-жобалаушы болып бастады. 2007 жылғы 25 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Мемсараптама» РМК жобаларды сараптау басқармасы өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен жүйелер секторының сарапшысы. «Мемсараптама» РМК-де 15 жыл үздіксіз жұмыс өтілі. Г.А. Балтынова - жоғары кәсіби маман, теориялық материалы мен құрылыс саласындағы кәсіби дағдылары бар, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Оның сүйікті мамандығына деген көзқарасы тек құрметке лайық. Оның құрылысшының қажырлы еңбегінде жинақтаған бай тәжірибесі шын мәнінде құрылыс саласының дамуына қосқан қомақты үлесі болып табылады. Мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік, ұқыптылық, инабаттылық және жұмысқа деген адал көзқарас тек таңданыс пен құрметке бөлейді, оны мемлекеттік кәсіпорынның лайықты қызметкері, жаңа заман маманы ретінде көрсетеді. Г.А. Балтынова көптеген жобаларды қарастырды, олардың ішінде – «Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенін салу» ТЭН, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу» жобасы, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу» ТЭН, «Семей қаласында ЖЭО-3 салу» ТЭН, «Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенін салу» ТЭН «Бурабай ауданы Щучинск қаласының жылу желілерін салумен 95 Гкал/сағ орталық қазандығын салу» жобасы, «Бурабай ауданының Щучинск қаласының газ тарату желілерін салу» жобасы, сондай-ақ, олардың арқасында ел тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен жағдайларын арттырған мемлекеттік мақсаттағы бағдарламаларға кіретін басқа да жобалар. 2010 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алғыс хатымен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.