Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Солтүстік аймақ бойынша филиалда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша онлайн-кеңес

2022-02-22
«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы м.а. Бедыч Евгений Сергеевич қатысуымен сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық мемлекеттік саясаты» тақырыбында онлайн кеңес өтті. Сұхбаттасу барысында Евгений Сергеевич сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі жүргізіліп жатқан ауқымды превентивті жұмыстардың арқасында екенін хабарлады, яғни тұрақты сыртқы және ішкі талдаулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады, түсіндіру іс-шаралары ұжымдармен кездесу форматында, оның ішінде ҚР ҚПК бабына сәйкес жасалған ұсыныстар шеңберінде өткізіледі. Бұл шаралар өз кезегінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға да, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын дамытуға да, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жоюға да оң әсерін тигізуде. Сыбайлас жемқорлықпен табысты күресі жұмыстың жаңа формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалануға байланысты. Тиісті мәдениетті қалыптастырмайынша ауқымды әлеуметтік өзгерістер мүмкін емес екенін атап өткен жөн.