Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМСАРАПТАМАДА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2024-02-22
МЕМСАРАПТАМАДА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
МЕМСАРАПТАМАДА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
МЕМСАРАПТАМАДА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
МЕМСАРАПТАМАДА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2024 жылдың 21 ақпанында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы– «Мемсараптама» РМК қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының есеп беру конференциясы өтті. Конференцияға кәсіпорын басшылығы, салалық кәсіподақ ұйымының өкілі және «Мемсараптама» РМК барлық облыстық филиалдарынан келген делегаттар – кәсіподақ жетекшілері қатысты. Конференцияда сөз алған «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2024 жылды – Лайықты еңбек жылы деп жариялағанын атап өтті. Кәсiподақтар әлеуметтiк әрiптестiктiң бiр тарабы ретiнде өндiрiсте қолайлы және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасаудан барлық тараптар алатын кез келген тиімділікке аса мүдделi. «Біз барлық күш-жігерді адам ресурстарын сақтауға бағыттауымыз керек. Өйткені лайықты еңбек кез келген қызметкердің қауіпсіз жұмыс орнына құқығын қамтамасыз етуді және денсаулығын сақтауды көздейді», – деді кәсіподақ басшысы. «Мемсараптама» РМК қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Шәймерден 2023 жылы кәсіподақ комитетінің атқарған жұмысы туралы және тексеру комиссиясының төрағасы К. Хван есепті кезеңдегі кәсіподақ бюджетінің атқарылуы жөнінде есеп берді. Конференция аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін «Күйзеліске төзімділік. Кәсіби, эмоционалдық күйзеліспен қалай күресуге болады?» атты семинар ұйымдастырылды. Қатысушылар кейстерді қарап, еңбек ұжымында қолайлы психологиялық ортаны сақтау туралы өз пікірлерімен бөлісті.