Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрметті Блог қонақтары!

Арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!

Менің жеке блогыма біздің кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат орналастырылатын болады. Ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік мол екеніне сенімдімін.

Құрметпен,
«Мемсараптама» РМК-ның
Бас директоры
Ережепов Б.Б.

2011-08-31

Құрметті БІРЛІК БЕКМЫРЗАҰЛЫ!
Сіздің кәсіпорынның сайтын оқып,ризашылығымды білдіргім келеді. Сайтыңыздағы ақпараттар сауатты, қысқа да нұсқа жазылған. Сараптама туралы көп мәлімет алдым.
Менің сұрағым:
1."Байқоңыр" тұрғын үй кешенінің қасынан жанар-жағар май стансасын салуға неге рұқсат берілген? Тұрғын үйдің дәл жанынан салынуына Сіздер рұқсат еттіңіз бе?

2011-09-08

Жауап:
«Мемсараптама» РМК мемлекеттік орган болып саналмағандықтан, жер учаскесіне немесе құрылыс салуға рұқсат етуге құқығы жоқ.
Тәуелсіздік (бұрынғы Манас көшесі) және Момышұлы (№ 13 Магистраль көше) даңғылдарының қиылысында орналасқан жанар май құю стансасы (ЖҚС) мен «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінің аралығы бойынша нормативтік талаптар туралы төмендегідей түсінік береміз.
«Астана қаласын жоспарлау және салу» Ас-2007 3.01-01 ҚР ҚНмЕ-нің 15.33. тармағында былай белгіленген:
1) жеңіл автомобильдерге жанар май құюға арналған сұйық отынды сақтайтын жерасты резервуарлар бар ЖЖС-мен мектепке дейінгі балалар мекемесі, мектеп, мектеп-интернат, станционары бар емдеу мекемелері немесе тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қабырғасына дейінгі аралық 50 м-ден кем болмауы тиіс. Көрсетілген аралықты отынды бөлу колонкалары мен жерасты резервуарларынан бастап анықтау қажет.
2) автомобильдерге қызмет көрсету объектілерісіз, 2-ден кем емес отын бөлу колонкалары бар тәулігіне саны 500 машинадан аспайтын тек жеңіл автомобильдерге жанар май құю ЖҚС-нан көрсетілген объектіге дейін аралық 25 м.-ге дейін азайтуға болады. Ал жүк автомобильдеріне аралық ұлғаяды.
«Астана қаласындағы №13 Магистральды көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылысының жобасы мемлекеттік сараптамадан бірнеше жыл бұрын өткен, тиісті нормативтік талаптарға сай келеді деп танылып, бізбен бекітілуге ұсынылған.
Сіз көрсеткен ЖҚС бұл қиылыста бұрыннан бері бар.