Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің XXXIV отырысы

2012-10-23
ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі  Үкіметаралық Кеңестің XXXIV отырысы
ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңесінің кезекті XXXIV отырысы 2012 жылғы 18-19 қазанда Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткізілді. Қалыптастан дәстүр бойынша отырысқа қабылдаушы жақтың салалық мемлекеттік орган басшысы болып табылатын Кеңес мүшесі төрағалық етеді. XXXIV отырысты Әзірбайжан Республикасының Қала құрылысы және сәулет мемлекеттік комитетінің төрағасы А.А. Алексеров ашты. Үкіметаралық кеңестің жұмысына қабылдаушы жақтан басқа Беларусь, Қазақстан Республикасы (Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы С.К. Нокин бастаған), Молдова Республикасы (МР өңірлік дамыту және құрылыс министрі М.Г. Рэдукан бастаған) делегациялар, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина Республикалары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің А.И. Беленков және А.Д. Мясников өкілдері қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес: 1) Әзірбайжан Республикасы Қала құрылысы және сәулет мемлекеттік комитетінің төрағасы А.А. Алексеров «Баку қаласының қала құрылысын дамыту туралы» баяндама жасады; 2) Ресей Федерациясы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық жөніндегі Федералды агенттік басшысының орынбасары И.В. Пономарев «Ресей Федерациясының аумағын дамыту кеңістігін ұйымдастыруды жетілдіру және ауылдарға орналастырудың ұлттық жүйесі» тақырыбын қозғады. 3) Беларусь Республикасы Сәулет және құрылыс министрінің бірінші орынбасары И.В. Архипова «ТМД елдеріндегі тұрғын үй саясатын дамыту бағыттары туралы» шолу баяндамасын жасады. 4) Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құрылыс және сәулет агенттігінің директоры А.Х. Комилов «Ғимараттарды салу және эксплуатациялау кезінде сәулет-құрылыстық қадағалауды жүзеге асыру туралы» баяндады. 5) Украина Өңірлдерді дамыту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары Д.В. Исаенко «Ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері. Украина тәжірибесі» тақырыбына баяндама жасады. Құрылыстағы баға белгілеу, сейсмотұрақты құрылыс салу және табиғи техногенді апаттарды азайту жөнінде Қала құрылысы бойынша комиссияның жұмысы туралы ақпарат тыңдалды, ООН-ХАБИТАТ және ТМД Үкіметаралық Кеңесі арасындағы ынтамқтастық, стандарттау жөнінде халықаралық ғылыми-техникалық комиссия, құрылыстағы техникалық нормалау және сәйкестікті бағалау туралы, сондай-ақ Үкіметаралық Кеңестің кіші комиссиясының Хатшылық басшысы А.Д. Мясников есеп берді. Тағы бір атап өтетін жайт, XXXIV Үкметаралық Кеңес отырысы қарсаңында осы жылдың 10 және 11 қазанында Душанбе қаласында (Тәжік Республикасы) ТМД Үкіметаралық Кеңесі комиссиясының құрылыстағы баға белгілеу бойынша жоспарлы жұмыс отырысы өтті. Қорытындылай келе Кеңес кезекті XXXV Үкіметаралық Кеңесінің отырысын 2013 жылы көктемде Мәскеу қаласында өткізу туралы Ресей Федерациясының ұсынысын қабылдады, сондай-ақ Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Хатшылық дайындаған мәскеу кездесуінің күн тәртібі мақұлданды. Делегация мемориалды және ескерткіш құрылыстарында болып, аса маңызды салынып жатқан объектілерін аралады, сондай-ақ «Baku Build. Construction Exhibition / 17-20 Oktober 2012» халықаралық көрмесінде болды.