Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

КТҚ объектілері бойынша Еуропа елдеріне жұмыс сапары

2012-10-29
КТҚ объектілері бойынша Еуропа елдеріне жұмыс сапары
КТҚ объектілері бойынша Еуропа елдеріне жұмыс сапары
2012 жылдың 11-нен 21 қазанына дейін сарқынды суды тазартудың қазіргі заманғы технологияларымен танысу және таңдау мақсатында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары еуропаның алты елінде болып қайтты. Жұмыс сапары кезінде мамандар Амстердам қаласындағы (Голландия) «КЕМЕО» и Рэнн (Франция); Вена и Швехед (Австрия), Милан (Италия), Цюрихе (Швейцария) қалаларындағы «WABAG» компанияларының, Вильнюс, Дошулей және Вегас қалаларындағы (Литва) «Arginta» компаниясының; Тельшай, Кейдайняй и Рокишкис (Литва) қалаларындағы жұмыс істеп тұрған «Ecobuilding technology» компанияларының тазарту құрылыстарының жұмысымен танысты. Мамандар Литва қаласындағы USBF-реактордағы (белсенді тұнбаның өлшенген қабаты арқылы сүзгілеу, SBR-реактордағы ағынды биологиялық тазарту технологиясы) ағынды биологиялық тазарту технологиясымен және Австрия және Швейцариядағы сарқынды суды тазартудың өзге де технологиясымен, Голландиядағы сарқынды суды тазартудың жаңа технолгияларымен (Нереда технологиясымен) танысты. Жұмыс сапарының нәтижесі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-Бұлақ» мелекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған практикалық маңызға ие.