Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан делегациясы Финляндия мен Швецияға барып қайтты

2012-11-08
Қазақстан делегациясы  Финляндия мен Швецияға барып қайтты
Қазақстан делегациясы  Финляндия мен Швецияға барып қайтты
Қазақстан делегациясы  Финляндия мен Швецияға барып қайтты
2012 жылғы қазанның 22-нен 31-не дейінгі аралықта ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істер жөніндегі агенттік, «Мемсараптама» РМК және құрылыс индустрия кәсіпорындарының қызметкерлері құрамында қазақстандық делегация ПРООН шақыруы бойынша Финляндия мен Швецияға барып қайтты. Барудағы мақсат энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша талаптарды есепке ала отырып тұрғын үйлерді жобалау және салу тәжірбиесімен танысу болды. 2012 жылғы 23 қазанда қазақстандық делегация Финляндияның ірі энергетикалық компанияларына Хельсинки қаласындағы Helsingin Energia Group және көмір электр стансасы Салмисаариге барды. Барған кезде мамандар компания жұмысымен танысты және орталықтандырылған жылыту, салқындату және электр энергиясын беру, тарифтік саясат, энергияны тұтынуға қатысты есеп-қисап тәртібін, тұтынған энергия мен электрді шалғайда өлшеу мәселелерін талқылады. Күннің екінші жартысында қазақстандық делегация қолданбалы зерттеулер бойынша жоғары технологиялық шешімдерді дамытатын және инновациялық қызметтерді ұсынатын Солтүстік Еуропаның ең ірі мультитехнологиялық ұйымы болып табылатын Финляндияның техникалық-зерттеу орталығына сондай-ақ «Finpro» компаниясының кеңсесіне барып қайтты. 2012 жылғы 24 қазанда қазақстандық делегацияның Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің қоршаған ортаны/құрылыс салу департаментінің директоры Теппо Лехтинен мырзамен кездесуі өтті, онда тұрғын үйлердің энергия тиімділігі қағидаты талқыланды. Сондай-ақ «Reponen Oy» компаниясының «пассив ғимараты» технологиясы бойынша салынған тұрғын үйге және Хельсинки қаласындағы бір отбасына жеке үйлердің кешеніне барды. Соңғы объектіге қолданған технология жылыту мен жылуды рекуперациялаумен вентиляциялар, геотермальды жылыту, салқындату және күн энергиясының коллекторларының жүйелерінен тұратын біріктірілген жүйеге негізделген. 2012 жылғы 25 қазанда қазақстандық делегация Эспоо қаласында Bahanen group компаниясы ұйымдастырған, энергия тиімді құрылыс аясында тәжірбие алмасу бойынша семинарға қатысты. 2012 жылғы 26 қазанда қазақстандық делегация Финляндия қалаларының түрлі нысандарына барды,оның ішінде: - Ярвенпяя қаласындағы жылыту және жылуды рекуперациялаумен вентиляцияларды, геотермальді жылыту, салқындату және фотоэлектрлік панельдерден күн энергиясының коллекторлары жүйелерінен тұратын біріктірілген жүйені пайдаланған тұрғын үй; - Лахти қаласындағы газдалған отынды жылуэнергия орталығына; - Настола қаласындағы «Betonimestarit» т/б конструкцияларды дайындау зауытына; 2012 жылғы 29 қазанда қазақстандық делегация Мальме қаласындағы (Швеция) Швед энергетикалық агенттігіне барды және «Батыстық айлақ-қала қозғалыста» атты қаламен танысу сапарына қатысты. 2012 жылғы 30 қазанда қазақстандық делегация Лунд қаласындағы Университетке (инженерлік және қалалық сәулет факультеті) және өнеркәсіп экономикасы мен қоршаған орта халықаралық Университетіне барды, онда «LKF-реновация және қала құрылысы аясында жаңа технологияларды енгізу», «Креативті қоршаған орта» және «LEED сертификациясы кезінде құқықтық талаптар» тақырыптары бойынша лекциялар тыңдады.