Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» республикалық семинары

2012-11-26
«Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» республикалық семинары
2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрме бюросы Бас ассамблеясының 152-отырысында дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның елордасы Астана қаласы көп дауыс иеленіп «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды. «Болашақ энергиясы» атты тақырыппен «ЭКСПО-2017» Халықаралық бүкіләлемдік көрме 2017 жылғы 10 маусымда ашылады және 3 айға созылады. Ал 2012 жылғы 23 қарашада «Мамсараптама» РМК-да «Энергияны үнемдеу және тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу кезінде энергия тиімділігін арттыру» республикалық семинары өтті. Семинар Қазақстандағы БҰҰ даму бағдаралма жобасы және Жобаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Жаһандық экологиялық фонды (ЖЭФ) шеңберінде ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Атаев атындағы НИПТИС Тұрғын үй институтының (Минск қаласы, Беларусь Республикасы), құрылыс физикасының ҒЗИ-ның (Мәскеу қаласы, РФ) халықаралық сарапшылары, энергия тиімді құрылысы жөніндегі ПРООН/ГЭФ жобасының менеджерлері қатысты. Семинарға «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің мамандары, бірқатар жобалау ұйымдарының, сондай-ақ тапсырыс берушілердің (бюджет бағдарламаларының әкімгерлері) және құрылыс материалдарын, жабдықтар мен технологияларды жеткізушілердің шақырылған өкілдері қатысты. Тұрғын үй ғимараттарын жобалау кезінде энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін шешуде заманауи үрдістерді айқын түсіндіретін баяндамалармен ПРООН/ГЭФ жобасының менеджері Б. Әбілқаиров (Астана), техника ғылымдарының докторы, профессор, РААСН корреспондент- мүше В. Г. Гагарин (Мәскеу), С. С. Атаев атындағы НИПТИС тұрғын үй институты директорының орынбасары Л. Н. Данилевский (Минск) сөз сөйледі. Семинарда сонымен қатар «Мемсараптама» РМК-нің Жобаларды сараптау басқармасының мамандары: сәулет-жоспарлау бөлімінің бастығы Н.Ю. Стригина, инженерлік желілер және құрылыстар бөлімінің бастығы Н.И. Заиченко және электртехникалық желілері және жүйелері бөлімінің бастығы Ж.К. Қалелов сөз сөйледі. Жобалау барысында болшақта салынатын объектілердің энергия тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері Кедендік Одаққа кіретін елдердің сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттердің шешімін табуға ең маңызды болып табылатынын семинар атап өтті.