Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құжат айналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша республикалық семинар

2012-06-04
2012 жылдың 30-31 мамыр аралығында «Мемсараптама» РМК –да құжат айналымы және мұрағат Ісін жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелер мамандарына арналған республикалық семинар өтті. Семинарға «Мемсараптама» РМК-ның 16 еншілес құрылымының құжат айналым қызметі маандары қатысты. Семинарға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқармасы Академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылым кандидаты, профессор Түленбергенова Н.Т., ҚР Ұлттық мұрағат сарапшылары Балташев Ж.А., Хайруллина А.К., Аділқұлова А.П. шақырылды. Семинарды «Мемсараптама» РМК –ның бас директоры Ережепов Б.Б. ашты. Өз сөзінде ол семинарға қатысушылардың назарын бірінші кезектегі мәселелерге аударды. Семинар барысында кәсіпорындағы іс жүргізудің өзекті мәселелері, мемлекеттік тілде іс жүргізу, мұрағат ісі мәселелері, құжаттармен жұмыс жасау технологиясы, сонымен қатар мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қарастырылды.