Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«КПМК - Интернэшнл» компаниясының (Оңтүстік Корея) шақыруы бойынша жұмыс сапары

2013-01-14
«КПМК - Интернэшнл» компаниясының (Оңтүстік Корея) шақыруы бойынша  жұмыс сапары
2013 жылғы қаңтардың 3-інен 7-сі аралығында «Мемсараптама» РМК мамандары «КПМК - Интернэшнл» компаниясының шақыруымен компаниямен пайдаланылатын көпфункциялы тұрғын үй кешендерін жобалау және салу ерекшеліктерімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) болды. Жұмыс сапары барысында «Highvill» компаниясының көпфункциялы тұрғын үй кешендерінің бірін таныстыру рәсімі өтті. Таныстыру рәсімінде көпқабатты биік тұрғын үйлерді антисейсмикалық түйісті пайдалану арқылы жобалаудың жаңа әдісі ұсынылды. Сондай-ақ антисейсмикалық түйіс құрылғылары бар және құрылғыларынсыз ғимараттардың макеттері көрсетілді. Таныстыру рәсіміне қатысушылар Highvill компаниясы тұрғын үй кешенінің салынып тұрған пәтерлерінде болды. Highvill компаниясы Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық аудандардағы ғимараттарды жобалау және салу барысында жаңа шешімдер пайдалануды жоспарлап отыр. Сонымен бірге «Мемсараптама» РМК мамандары жер үстіндегі алғашқы он қабаты тұрғызылған LOTTE SUPERTOWER зеңгір үйінің немесе басқаша айтқанда Digital Media City Landmark «вертикаль қаланың» (биіктігі шамамен 550 м) бастапқы кезеңдегі құрылыс алаңында болды, ғимараттың макетімен танысып, BIM жобалау-құрылыс компаниясы өкілдерінің бірнеше баяндамасын тыңдады. BIM компаниясының негізгі бағыты сәулеттік жобалау болып табылады. 3D жобалауды пайдалану – жобаны тапсырысшының үнемі даму үстіндегі сұранысы мен көзқарасына сәйкестендіру мақсатында қолданылатын құрылыс дизайнының техникалық әдісі болып табылады.