Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тұрғын үй құрылысына жобалық- сметалық құжаттарды дайындау кезеңінде энергия жинағы және энергия тиімділігі»семинары

2012-11-28
2012 жылы 23 қарашада Астана қаласында «Тұрғын үй құрылысына жобалық- сметалық құжаттарды дайындау кезінде энергия жинағы және энергия тиімділігі» бағдарламасы бойынша семир өткізілді. Семинар жұмысында «Мемсараптама» РМК-ның қызметкерлері, аумақтық филиалдардың өкілдері, жобалаушылар және мемлекеттік органдар мен мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты. Семинарды кіріспе сөзбен «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Ережепов Б.Б. ашты. Сонымен қатар, ПРООН/ГЭФ жобасының менеджері Абылқайырова Баянның «ҚР энергия жинағы туралы заңдардың бөлек тәртіптері» тақырыбына баяндамасы тыңдалды. Жобалауға арналған тапсырыстарда энергия тиімділігі класын міндетті түрде көрсету керектігі аталып өтті. Семинардың бірінші бөлімін РААС корреспондент-мүшесі, профессор, құрылыс жылуфизикасы зертханасының меңгерушісі Гагарина В.Г. ҚНжЕ-де «Ғимараттарда жылулықты сақтау» энергияны үнемдеу және жылулықты сақтау сияқты көкейкесті талаптар» тақырыбын қозғады. Семинардың екінші бөлімінде Атаев С.С. атындағы НИПТИС Тұрғын үй институты директорының бірінші орынбасары Данилевский Л.Н. «Жылу жүйелерінің энергиялық тиімділігін жобалау және тұрғын жайлардың ауасын тазарту(вентиляция)» тақырыбына сөйледі.