Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«JURОNG Consultants» компаниясының шақыруы бойынша жұмыс сапары

2013-01-28
«JURОNG Consultants» компаниясының шақыруы бойынша жұмыс сапары
2013 жылғы қаңтардың 22-сінен 25-і аралығында «JURОNG Consultants» компаниясының шақыруы бойынша «Мемсараптама» РМК-нің мамандары қазақстандық делегация құрамында жұмыс сапарымен Сингапурде болды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты қолданыстағы жоғары ықпалдастырылған мұнай-химия алаңымен, дайын инфрақұрылыммен және шикізат импорты мен тәуелсіз өндірушілердің өнімдерін өрістетуге бағытталған ірі логистикалық терминалға қатынаумен танысу болатын. Сапар Жамбыл облысында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру аясында орын алды. Делегация JURОNG аралында орналасқан мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы арнайы экономикалық аймақта болды. Мұнай-химия кластерінің тұсаукесері және арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымы және басқаруымен танысу рәсімі өтті. «JURОNG Consultants» компаниясы «JURОNG International» копаниясының қаржылық, басқару, сәулет консалтингінде мамандандырылған бөлімшесі болып табылады. Jurong International әлемнің 40-тан астам елдерінде жобаларды іске асырудың мол тәжірибесіне ие компания.