Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ішкі және сыртқы конкурстық іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

2024-03-19
Ішкі және сыртқы конкурстық іріктеу жүргізу туралы хабарландыру
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы (бұдан әрі - Филиал) Филиалдың әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (аударма, архив) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды-1 бірлік. Филиал конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар: 1. Заң, филологиялық немесе гуманитарлық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім. 2. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы шарт. Функционалдық міндеттері:1) қызметтік құжаттардың мәтіндерін аудару, сараптамалық қорытындыларды, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығару және түзету бойынша жұмыс жүргізу; 2) мемлекеттік тілді үйреніп жүрген филиал қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету; 3) филиалдың іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру бойынша жұмыстар орындау; құжаттаманы мемлекеттік тілде ресімдеу; 4) филиалдың қызмет процесінде қалыптасқан құжаттарды мемлекеттік архивке тапсыруға дайындауды және уақтылы мемлекеттік сақтауға беруді жүзеге асыру; филиал бөлімшелерінің іс жүргізуінде істердің қалыптастырылуын және ресімделуін бақылауды қамтамасыз ету; 5) істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу және оны мемлекеттік архивпен келісуге беру; 6) мемлекеттік архивке тапсыру кезінде істердің қалыптасуы мен ресімделуінің дұрыстығын тексеру; 7) істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету; 8) архивке қабылданатын құжаттарды (оның ішінде іс жүргізу аяқталған практикалық арналымдағы құжаттарды) іріктеуді, ретке келтіруді, жинақтауды, пайдалануды, сақтауды қамтамасыз ету; 9) құжаттар бойынша анықтамалық материал жасау, оларды ыңғайлы және жылдам іздеуді қамтамасыз ету; 10) филиал бөлімшелерінің іс жүргізуінде істердің қалыптасуы мен ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру; 11) сақтау бірліктерін шифрлау, істерді жүйелеу және орналастыру, олардың есебін жүргізу; 12) тұрақты және уақытша сақтау бірліктерінің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығаруға және жоюға беру үшін актілер дайындау; 13) архивтік құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау бойынша жұмысқа қатысу; 14) құжаттардың жай-күйін, олардың уақтылы қалпына келтірілуін, архив орын-жайларында олардың сақталуы үшін тиісті шарт-талаптарын қадағалау; 15) келіп түскен сұраухаттарға сәйкес архив көшірмелері мен құжаттарын беру, архив құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау, архив жұмысы туралы есептілік жасау үшін деректерді дайындау; 16) жұмыста заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау; 17) Филиал директорының бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және Кәсіпорынның директивтік хаттарын уақтылы орындау; 18) берілген құқықтарға сәйкес, Филиалдың азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында (eotinish.gov.kz) жұмыс істеу; 19) берілген құқықтарға сәйкес Филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ВКСБАЖ) жұмыс істеу; 20) еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптарды сақтау; 21) Кәсіпорын жарғысымен, Филиал туралы ережемен, Филиалдың ішкі құжаттарымен белгіленген басқа да міндеттерді атқару. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мына құжаттарды тапсырулары қажет: 1) Конкурсқа қатысуға өтініш. 2) Түйіндеме. 3) Қолмен жазылған өмірбаяны. 4) Білімі туралы құжаттар көшірмелері. 5) Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы туралы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері. Қосымша: біліктілігін жоғарылату туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын ұсынуға болады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарын 2024 жылғы 19 наурыздан бастап 2024 жылғы 28 наурызды қоса есептегендегі аралықта almaty@gosexpertiza.kz. электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсына алады. Сұхбаттасу күні: 2024 жылғы 29 наурыз. Сұхбаттасу өтетін орын: Алматы қаласы, 3-шағынаудан, 44 А ғимарат.