Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару: 2013 жылы енгізілетін экологиялық талаптар» тақырыбындағы семинар

2013-02-14
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару: 2013 жылы енгізілетін экологиялық талаптар» тақырыбындағы семинар
2013 жылғы ақпан айының 6-сы мен 8-і аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау минстрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» РМК-мен ұйымдастырылған «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару: 2013 жылы енгізілетін экологиялық талаптар» тақырыбында семинар өтті, оған «Мемсараптама» РМК-нің сарапшы-мамандары қатысты. Аталған семинарды өткізудің негізгі мақсаты мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу болды. Семинарда мынадай сұрақтар қаралды: мемлекеттік экологиялық бақылаудың стратегиялық бағыты, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша құжаттамасын жасау, аудит ұйымдастыру және жүргізу, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық конвенциялар бойынша табиғатты қорғаушылардың жауапкершілігі, ПХД-ның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері, жабдықтар мен қалдықтары бар ПХД-ны пайдалануға енгізу және шығару, медициналық және радиоактивті қалдықтарды басқару, табиғатты пайдалану объектілерінің санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру және т.б. Оқыту аяқталғаннан кейін сарапшы-мамандар «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару: 2013 жылы енгізілетін экологиялық талаптар» атты оқыту курсын тыңдап шыққандығы туралы сертификат алды.