Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Кабель жүйелерін құрылымдау. Жобалау, монтаж, пайдалану, заманауи шешідер» тақырыбындағы Санкт-Петербург қаласындағы семинар

2013-11-27
"Кабель жүйелерін құрылымдау. Жобалау, монтаж, пайдалану,  заманауи шешідер» тақырыбындағы  Санкт-Петербург  қаласындағы семинар
2013 жылғы қарашаның 19 мен 22 аралығында Санкт-Петербург қаласында «Прогресс» Ресей ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен ұйымдастырылған «Кабель жүйелерін құрылымдау. Жобалау, монтаж, пайдалану, заманауи шешімдер» тақырыбында семинар өтті, оған «Мемсараптама» РМК сарапшы-мамандары қатысты. Осы семинарды өткізудің негізгі мақсаты мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірбие алмасу және тікелей іскерлік байланысты орнату болып табылды. Семинарда мынадай тақырыптар қарастырылды: құрылымдалған кабель жүйелерінің құрылуының кезеңі (ҚКЖ). ҚКЖ объектілерінің топталуы. Байланыс жүйелерінің құрылуының ведомствалық және технологиялық ерекшеліктері. Деректерді табыстау, байланыс сымының және радиобайланыс жүйелерін жобалаудың технологиялық ерекшеліктері. Деректерді РРБЖ және ТОБЖ арқылы (байланыстың радиорелелік желілері және талшықты-оптикалық желілері) табыстау. ҚКЖ құрамы. ҚКЖ негізгі қосалқы жүйелері. Кабель жүйелерінің құрылуының технологиясы. Кабельдік жүйелерді құруға арналған заманауи жабдықтар. жабдыққа және объектілерде орналасуына (кооммутаторлар, маршрутизаторлар, мультиплексорлар, патч-панельдер) ҚКЖ-нің негізгі талаптары. ҚКЖ-да қолданылатын ажыратулар. ҚКЖ тартуының және компьютерлік желі монтажының ерекшелігі. Стандарттар, жерге тұйықталу сызбасы, ҚКЖ білікті тестілеу. ҚКЖ-нің байланыс желілеріне өзарабайланысы. Желілердің, байланыс жүйелерінің жеке түрлерін жобалаудың ерекшеліктері.