2015 жылдың 25 қаңтарында «Мемсараптама» РМК филиалдарының директорларымен 2014 жылғы қызметті қорытындылау және 2015 жылдың міндеттері жөнінде республикалық жиналыс өтті, оған Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары М.Косачев қатысты.
Жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізу саласындағы ҚР заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, кәсіпорынның бизнес-процесінде ІТ-технология ендіруге, сапаны көтеруге, жобалау құжаттамасын қарау мерзімдерін сақтауға, баға белгілеуде ресурстық тәсілге өтуге, құрылыс жобаларында қазақстандық үлесті мейлінше көбейтуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрондық форматта ЖСҚ-н қабылдауды ұлғайтуға аса көңіл бөлінді.
2015 жыл «сапаны көтеру жылы» болып белгіленді.
Сондай-ақ «Мемсараптама» РМК филиалдарының рейтингтік бағалары қорытындыланып:
1 - орынды Алматы қаласындағы филиал
2 - орынды Ақтөбе облысы бойынша филиал
3 – орынды Астана қаласындағы филиал иеленді.