Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған Спартакиада

2015-04-26
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған Спартакиада
2015 жылғы 25 сәуірде «Мемсараптама» РМК қызметкерлері кәсіподағының, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған Спартакиада өткізілді. Спартакиада бағдарламасында волейбол, футбол және үстел теннисі сияқты спорт түрлері болды. Спартакиада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек үшін қайырымдылық акциясы ретінде өткізілді және турнир нәтижелері бойынша жиналған (түскен) барлық қаражат Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің тізімінде тұрған соғыс ардагерлеріне беру жоспарланып отыр. Спартакиадаға 4 команда қатысты: «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы, «Метрожобалау» ЖШС, «Казгор» жобалау академиясы, «PRIDE PRINT» ЖШС. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық 1- орынды «Метрожобалау» ЖШС, 2-орынды«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының командасы, 3-орынды «Казгор» жобалау академиясы иеленді. Футбол турнирінде «PRIDE PRINT» ЖШС, волейбол турнирінде «Метрожобалау» ЖШС, үстел теннисі турнирінде «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы жеңімпаз атанды. Барлық турнир жеңімпаздары тиісті кубоктармен және грамоталармен мадақталды. Қайырымдылық көмегін алған Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы қосымша ақпарат Жеңіс күні қарсаңында жарияланатын болады.