Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Филиал қызметкерлерін құрылыстың ақпараттық бейнелеу технологиясын үлгілеуге оқыту

2015-04-19
Филиал қызметкерлерін құрылыстың ақпараттық бейнелеу технологиясын үлгілеуге оқыту
2015 жылдың 30 наурызы мен 17 сәуірі аралығында Атырау қаласындағы «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалында BIM құрылыстың ақпараттық бейнелеу технологиясын үлгілеуді жүзеге асырушы Autodesk Revit және Autodesk Navisworks заманауи өнімінің бағдарламасын таныстырып үйрету курсына «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының сарапшылары қатысты. Бағдарлама мақсаты- заманауи технологияларды үйреніп, сондай-ақ жобалардың сапасын көтеру мүмкіндіктерін пайдалану. BIM технологиясының мүмкіндіктері: 1. Ғимарат немесе имараттардың цифрлы көшірмесін алу; 2. Жобаға өзгерістерді шапшаң енгізу; 3. Көлем тізімдемесін және сипатын автоматты түрде беру; 4. Сызба дайындау мерзімін қысқарту; 5. Біріңғай бейнелеуде біріңғай жұмыс істеуді ұйымдастыру; 6. Қиылысуларға бақылау жүргізу; Оқыту барысында сарапшылармен құрылыс нысандарына негізделген түрлі күрделі деңгейлерден өтуге өзіндік жұмыстар орындалды. Курс соңында тыңдаушыларға Autodesk халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылды.