Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сараптама құнын анықтаудың жаңа қағидалары

2016-02-03
Құрылыс салуға тапсырыс берушілерге 2016 жылдың 28 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары күшіне енгенін хабарлаймыз. Осы қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетімен келісілген объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудегі бір адам күнінің жоспарлы құны 23982 (жиырма үш мың тоғыз жүз сексен екі) теңге мөлшерінде белгіленді. Сараптама жүргізу құнын анықтау және құрылыс салуға тапсырыс берушілермен шарт жасасу кезінде көрсетілген Қағидаларды басшылыққа алу қажет.