Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрметті демалысқа шығарып салу

2016-02-17
Құрметті демалысқа шығарып салу
Құрметті демалысқа шығарып салу
Құрметті демалысқа шығарып салу
2016 жылғы 15 ақпанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы өндірістік бөлімнің сарапшысы В.А. Гончаренконы құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. Владимир Антонович Гончаренко даңқты еңбек жолын өткерді. Полтава ауыл шаруашылығы құрылысының инженерлері институтын тәмамдағаннан кейін, «Казгипросовхозводстрой» жобалау институтында қатардағы инженермен еңбек жолын бастаған Владимир Антонович «Казграждансельпроект» МАЖИ техникалық мәселелер бойынша директор орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Владимир Антонович көп жылдар бойы Алматы қаласындағы «Казгипросовхозводстрой»; «ГосНИИсредазпромзернопроект»; Қазақ ССР Автомобиль жолдары министрлігі «Каздорпроект» МАЖИ; «Казграждансельпроект» МАЖИ сияқты жобалау институттарында азаматтық және өндірістік мақсаттағы нысандарды жобалаумен айналысты. Жұмыс барысында ол Қазақстанда да, одан шет жерлерде де нысандарды жобалады. 1993 жылдан бастап жобаларды Мемлекеттік сараптау жүйесінде жұмыс істеді. «Қарашығанақ» кен орнын, «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының символы», «Алматы қаласындағы әуежай ғимараты», «Алматы қаласындағы Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені» сияқты бірегей мемлекеттік және басқа да көптеген нысандардың сараптамасын үлкен табыспен жүргізіп келді. Еңбек қызметі кезінде Владимир Антонович өзін міндетті де жауапты қызметкер ретінде көрсете білді, кәсіби берілгендіктің және шебер ұстаздың үлгісі бола білді. Өзінің жеке және кәсіби қасиеттерінің арқасында жұмысты ұйымдастыра, басым бағыттарды белгілей және қойылған міндеттерді орындауға қол жеткізе біледі. Осы жылдары Қазақстан Республикасының құрылыс саласы басынан өткерген барлық қиындықтар, әкімшілік өзгерістер және жаңғыру кезеңдері оның өмірінің де бөлшектері болып табылды. Владимир Антонович құрылысты барлық деңгейде біледі және кәсіпқой мамандардың бірнеше ұрпағына ұстаз бола білді. Оның еңбек қызметі Қазақ ССР Мемқұрылыс Құрмет грамоталарымен, Индустрия және сауда министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрмет грамоталарымен атап өтілді. Құрылыс саласындағы көп жылдар бойғы адал еңбегі үшін В.А. Гончаренко «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» наградасына ие болды. Ақсақалымызға шын жүректен зор денсаулық, отбасылық береке, ұзақ өмір тілейміз!