Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Желілердің инженерлік есептерін орындау үшін ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және Zulu бағдарламалық-есептік кешендерін қолдану» тақырыбына арналған семинар

2016-04-18

«Мемсараптама» РМК бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеру бойынша іс-шараларды орындау аясында, 2016 жылғы 4 сәуірден 8 сәуірге дейін (осы күнді қоса) «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының базасында «Желілердің инженерлік есептерін орындау үшін ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және Zulu бағдарламалық-есептік кешендерін қолдану» тақырыбына арналған семинар болып өтті. Оқыту семинарын «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен «СтройДевелопмент» ЖШС (Астана қаласы) бірігіп ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар - «Мемсараптама» РМК Алматы облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік өңір бойынша, Оңтүстік өңір бойынша филиалдарының және Алматы қаласындағы филиалының сарапшылары. Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Д.Ш. Балтагулов және «Аудит-Политерм» ШЖҚ бас директоры Кузьмин Н.Н. қатысушыларға арнап кіріспе сөз сөйледі. Семинар «Аудит-Политерм» ШЖҚ бас директоры Кузьмин Н.Н. және Zulu бағдарламалық қамтамасыздауды Әзірлеушіні пайдаланушыларды алып жүру бойынша бас маман Емельянов Д.А. (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) басшылығымен өтті. Семинарды өткізудегі негізгі мақсат – сарапшыларға жобаларды тексеру кезінде ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және ZuluThermo (жылумен жабдықтау жүйелері), ZuluSteam (бумен жабдықтау жүйелері), ZuluHydro (сумен жабдықтау жүйелері), ZuluDrain (су бөлу жүйелері), ZuluGaz (газбен жабдықтау жүйелері) бағдарламалық-есептік кешендерін пайдалануды үйрету. Жүргізілген оқыту барысында сарапшылар бағдарламалық қамтамасыздауды қолданудағы еңбек сыйымдылығын әжептәуір төмендететін және сараптамалық жұмыстардың сапасын арттыратын заманауи және қолайлы қызметтік мүмкіндіктер туралы қажетті білім алуға мүмкіндік алды. Семинар бағдарламасының қорытынды бөлімінде бақылау тапсырмасы ретінде әр сарапшы Zulu бағдарламалық қамтамасыздау көмегімен нақты нысан бойынша қабылданған инженерлік шешімдердің дұрыстығын тексеруді орындап шықты, нақты нысан туралы ақпарат оларға алдын ала дайындалып қойылған болатын. Семинардың аяғында барлық қатысушыларға оқытудан өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылды. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы семинар ұйымдастырушыларына жоғары білікті мамандардан үйрену мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғысын білдіреді.