Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«SCAD есептік кешені» тақырыбына арналған семинар

2016-06-03
«SCAD есептік кешені» тақырыбына арналған семинар
«SCAD есептік кешені» тақырыбына арналған семинар
«SCAD есептік кешені» тақырыбына арналған семинар
«Мемсараптама» РМК бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеріп отыру бойынша шараларды орындау аясында 2016 жылғы 23 мамырдан 27 мамырға дейінгі аралықта «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының базасында «SCAD есептік кешені» тақырыбына арналған семинар болып өтті. Оқыту семинарын «Great Lane Company» (Астана қ.) ЖШС-мен бірігіп «Мемсараптама» РМК орталық аппараты ұйымдастырды. Семинарға «Мемсараптама» РМК Алматы облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы және Оңтүстік аймақ облысы бойынша филиалдарынан сарапшылар қатысты. Семинар мақсаты: SCAD Office жүйесінің арнайы қызметтерін практикалық игеру, SCAD Office аймағында көтергіш құрылыс құралымдарын жобалау мен есептеу жүргізу дағдыларын дамыту бойынша сарапшылардың (конструкторлардың) біліктілігін арттыру. Семинарға SCAD Office (Москва қ.) жүйесін жасаушылардың өкілдері де тартылды. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1) есептеу схемаларын құрудың кейбір арнайы тәсілдері; 2) «Модельдерді түрлендіру» режимін қолдану; 3) SCAD ВК –да үдемелі бүлінуді болжау; 4) SCAD ВК –дағы динамика міндеттерін шешу; 5) «Монтаж» режимін қолдану; 6)арнайы есептерді орындау; 7) басқа мәселелер. Семинардың соңында семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.