Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарға қатысу

2016-06-23
«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарға қатысу
«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарға қатысу
2016 жылғы арналған «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы қызметкерлерінің кәсіби дамуы Жоспарын орындау мақсатында, 2016 жылғы 23 маусымда филиал директоры С.О. Лекеров, директордың орынбасары Д.Ш. Балтагулов, әкімшілік бөлімнің бастығы А.К. Акинов «Жан-Адилет-Бер» ЖШС ұйымдастырған «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар Алматы қаласында 2016 жылғы 23 маусымда өткізілді. Лектор – «Жан-Адилет-Бер» ЖШС оқу орталығының директоры, «Тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Экология және Тіршілік қауіпсіздігі ғылымдарының Халықаралық академиясының магистрі Ж.А. Найманбаева. Семинарда оқу нәтижесінде қызметкерлер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 4 тарауы «Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды» оқып үйренді, негізгі ұғымдары мен оларды ұйым қызметінде қолдануды меңгерді, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша Үлгілік қағидалар мен ережелерді зерттеп білді. Оқудың соңында семинарға қатысушылар емтихан тапсырып, сертификаттар алды.