Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры АСҚАР СҰЛТАНҰЛЫ СМАНҚҰЛОВТЫҢ 52 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғандығын хабарлайды

2016-05-20
«Мемсараптама» РМК «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры АСҚАР СҰЛТАНҰЛЫ СМАНҚҰЛОВТЫҢ 52 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғандығын хабарлайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемсараптама» РМК «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры АСҚАР СҰЛТАНҰЛЫ СМАНҚҰЛОВТЫҢ 52 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғандығын хабарлайды. «Мемсараптама» РМК басшылығы, ұжымы мен кәсіподағы Асқар Сұлтанұлы Сманқұловтың зайыбына, қызына және ұлына, оның туған-туыстарына, жақындарына, достарына және жұмыстас әріптестеріне орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. АСҚАР СҰЛТАНҰЛЫ СМАНҚҰЛОВ ТУРАЛЫ А.С.Сманқұлов Алма-Ата қаласында 1964 жылы 9 қарашада дүниеге келген. Қазақ политехнкиалық институтын тамамдағаннан кейін, инженер-механик А.С.Сманқұлов 1987 жылы еңбек жолын «Ремдортехника» АҚ-да инженер-технолог болып бастап, кейін цех шебері болған. 1988-1990 жылдары Алма-Ата қаласындағы Қазақстан ЛКЖО-ның Октябрь аудандық комитетінің бөлім меңгерушісіне тағайындалған. 1990-1997 жылдары «ҚазЭкспоОрталығы» БК (Алматы) директорының орынбасары, «Фирма Тау» ЖШС (Алматы) директорының орынбасары, «DOWELANCO» (АҚШ) компаниясының Қазақстандағы өкілі болып қызмет атқарды. 1997 жылы «Қазмұнайқұбыры» ҰМҚК ЖАҚ-ның Вице-Президенті лауазымына шақырылған, 1999 жылы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ы болып қайта аталды, бірінші орынбасар лауазымында 2004 жылға дейін істеген, кейін бас директоры болған. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның (Астана) аппарат басшысы болып істеген. 2004-2009 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. 2009-2010 жылдары «Жетісу» ӘКК ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып істеген. 2010-2012 жылдары «VENCO A» ЖШС Президентінің кеңесшісі болып істеген. 2012-2013 жылдары «Мемсараптама» РМК-де бас директордың орынбасары, кейін «Мемсараптама» РМК-нің аппарат басшысы болып істеген. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болған. 2014 жылғы 5 ақпаннан «Мемсараптама» РМК бас директоры болып тағайындалды. Асқар Сұлтанұлы Сманқұлов 2012-2016 жылдардағы кезеңдерде жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесін реформалау мәселелері бойынша жалпы құрылыс саласын өзгертуге бағытталған жаңа технологияларды дамытуға, объектілерді жобалау және салу сапасын көтеруге, заң шығару жұмыстарына баға жетпес үлес қосты. Оның басшылығымен салалық мемлекеттік органдарда ақпараттық үлгілеудің замануи технологиялары, сондай-ақ құрылыс жобаларын автоматтандырып тексеру жүйесі алға жылжи бастады. Асқар Сұлтанұлы халықаралық ынтымақтастыққа, көрші мемлекеттердің сараптама органдарымен серіктестікті және достық қарым-қатынасты нығайтуға аса көңіл бөлді. Асқар Сұлтанұлы объектілер құрылысына арналған жобалау саласындағы сараптама қызметі жөніндегі сингапурлық мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу идеясының авторы. Оның тікелей қатысуымен сараптама қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ете отырып, электрондық форматқа ауысты. Асқар Сұлтанұлы Сманқұлов экономика ғылымының кандидаты бола тұрып, отандық құрылыс саласының және салалық ғылым, «Мемсараптама» РМК-нің республикалық жүйесі қызметкерлерінің мүдделерін әрдайым қорғап келді. Асқар Сұлтанұлы Сманқұловтың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады. «Мемсараптама» РМК басшылығы, ұжымы және кәсіподағы