Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ардагерлеріне құрмет көрсету

2016-08-22
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ардагерлеріне құрмет көрсету
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ардагерлеріне құрмет көрсету
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ардагерлеріне құрмет көрсету
2016 жылғы 12 тамызда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында (бұдан әрі – филиал) Құрылысшы күні кәсіби мерекесінің қарсаңында осы кәіспорында жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге салтанатты түрде құрмет көрсетілді. Филиал директорының орынбасары Д.Ж.Балтагулов құрметті демалыстағы ардагерлерге сәлемдесу және кәсіби мерекелерімен құттықтау сөзін жолдады. Ол шын жүректен ұжымның құрметті ардагерлеріне туған кәсіпорындарының гүлденуі үшін сіңірген жанкешті еңбегі, қуаты, білімі мен тәжірибесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, сыйлы қонақтарды кәсіби мерекелерімен кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Б.Садыханова құттықтады. Кәсіподақ комитетінің атынан ардагерлерге материалдық көмек көрсетілді. Бір шыны шай үстінде ардагерлер өздерінің еңбек жастығын, өздерінің алғашқы еңбек жетікстіктерін естеріне алды және шын жүректен филиалдың жас өрендерімен өткен естеліктерімен бөлісті. Мемлекеттік ведомстводан тыс жобаларды сараптаудың құрылуында ардагерлердің сіңірген баға жетпес үлесі барлық филиал қызметкерлерінің естерінде.