Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Еңбек күні

2016-09-23
Еңбек күні
Еңбек күні
2016 жылғы 23 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК-нің конференц-залында Еңбек күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Ж.Қарағойшин осы мейрамның негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау және Жалпы Еңбек Қоғамын жасау жөніндегі Мемлекет басшысының идеялары шеңберінде жұмыс династиясының көпжылдық дәстүрін бекіту екендігін атап өтті. «Еңбек күні өзінің жігерлігімен нәтижелерге қол жеткізген адамдарды және осы күні «Мемсараптама» РМК-нің үздік қызметкерлері мен ардагерлерін атап өту мүмкіндігі туғандығын «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің төрайымы С.Ө.Шәмпиева тоқталып өтті. «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Ж.Қарағойшин мен «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің төрайымы С.Ө.Шәмпиева ерекшеленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. «Еңбек ардагері» медалімен сарапшы А.Бекисанова марапатталды. Салтанатты жиналыстың соңы мерекелік концертке ұласты.