Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері Астана қаласындағы «ТД Эколос» ЖШС-ның зауытына барып қайтты

2016-09-27
«Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері Астана қаласындағы «ТД Эколос» ЖШС-ның зауытына барып қайтты
2016 жылғы 27 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері Астана қаласындағы «ТД Эколос» ЖШС-ның зауытына барып қайтты. «Эколос Қазақстан» компаниялар тобы» - ағынды суларды тазарту мен айдау саласында жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорын. Зауытқа бару кезінде «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері ағынды суларды тазарту мен айдауға арналған жабдықтарды өндіру процесімен танысты. 2015 жылғы маусымда «Эколос Қазақстан» КТ Астана қаласында ағынды суларды тазарту мен айдауға арналған жабдықтарды өндіру бойынша толық циклды зауыт ашты. «Эколос» компаниясының өндірістік қызметін растайтын тиісті сертификаттар мен лицензиялар алды. «Эколос Қазақстан» КТ ағынды сулардың барлық типтерін тазарту мен айдауға арналған мына жабдықтардың өндірушісі болып табылады: • Шаруашылық-тұрмыстық ағындыларды тазартуға арналған жабдық; • Нөсерлі ағындыларды тазартуға арналған жабдық; • Өнеркәсіптік ағындыларды тазартуға арналған жабдық; • Ағынды суларды тазартуға арналған жабдық; • Жеке үйлерге арналған автономды канализация станциялары. Жабдық толық зауыттық дайындау жүйесі болып табылады, монтаждауға және кейінгі қызмет көрсетуге үлкен шығындарды талап етпейді. «Эколос Қазақстан» КТ өндірген жабдықтарды қолдану тазарту құрылыстарының алаңын қысқартуға, жобалау мерзімдерін азайтуға және ағынды суларды тазарту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.