Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ЛИРА-САПР 2015-те панельді ғимараттарды есептеу» тақырыбына семинар

2016-02-09
«ЛИРА-САПР 2015-те панельді ғимараттарды есептеу» тақырыбына семинар
2016 жылғы 01 ақпан мен 05 ақпан аралығында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында «Мемсараптама» РМК филиалдарының сарапшылары үшін «ЛИРА-САПР 2015-те панельді ғимараттарды есептеу» тақырыбынаөткізілген семинарға сарапшы Ж.Б. Мусағалиев қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: 1) модельдеудің бұрыннан бар әдістері және әдебиет; 2) ірі панельді ғимараттарды есептеу бойынша жалпы нұсқаулар; 3) ірі панельді ғимараттардың элементтері және оларды есептеу (жіктерінің типтері, көлденең жіктерінің иілгіштігін бағалау, беткі қабат жігінің иілгіштігін есептеу үлгісі, тік жіктерінің иілгіштігін бағалау, төсеме бөлшегінің иілгіштігін есептеу үлгісі, көлденең жіктерінің беріктігі, беткі қабат жігінің беріктігін есептеу үлгісі, тік жіктерінің беріктігі, беткі қабат жігінің беріктігін арттыру әдістері, қабырғалық панельдер беріктігін тексеру, ұзына бойы майысуын ескерумен қабырғалық панельдер арматурасын таңдау ерекшеліктері); 4) ірі панельді ғимараттардың модельдері («эквивалентті бағана» моделі; КЭ55 пайдаланумен беткі қабат жігінің моделі; қатпарлы КЭ пайдаланумен беткі қабат жігінің моделі; жалпақ қабырға үлгісіндегі модельдеудің үш әдісін салыстыру; дискретті байланыстар мен олардың топтарын модельдеу (параллельді және бірізді жалғасу); есептеу кезінде тұрғызу кезеңдерін ескеру); 5) САПФИР алдыңғы процессорында ғимарат схемасын жасау (САПФИР алдыңғы процессорымен танысу; САПФИРде панельді ғимараттарды модельдеу ерекшеліктері (элементтердің және түгелдей схеманың қасиеттерін бағыттау); қабырғалардың физикалық модельдерін жасау; «Редакцияланатын аналитика» режимінің көмегімен физикалық модельді түзету; беткі қабат жіктерінің физикалық моделін жасау; дискретті байланыстар физикалық моделін жасау; арқалықтар тақтайшаларының физикалық моделін жасау; бөлшектеу кезеңдерін жасау; аналитикалық модель жасау; есептеу моделін жасау); 6) ПК ЛИРА-САПРда схеманы түзету және оны есептеу (беткі қабат жігінің және дискретті байланыстар элементтерінің қаттырақ сипаттамаларынң берілуі/түзетілуі, пульсациялық желді жүктеме мәліметтерінің берілуі; РСУ/РСН таблицаларының жасалуы/түзетілуі; өте берік есептеу үшін мәліметтердің берілуі/түзетілуі; ҚҚС схемасын есептеу және талдау; беткі қабат жігінің беріктігін тексеру; элементтерді өте қатты есептеу – арматуралар таңдау; ұзына бойы майысудың әсерін ескерумен пайда болған қабырғаларды арматуралауды тексеру). Семинар соңында семинарға қатысушыларға «Лира сервис» компаниясының сертификаттары берілді.