Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ZuluGIS 8.0. геоақпараттық жүйесі және сараптама жұмысында есеп кешендерін пайдалану үлгісі» тақырыбындағы вебинар

2016-10-24
Сараптама жұмыстарын орындау үшін географиялық ақпараттық жүйесі базасында бағдарламалық қамтамасыз етулерді (ZULU) сатып алу туралы шартты және «Мемсараптама» РМК (Қазақстан Республикасы), «Политерм» АҚБ және «Аудит-Политерм» АҚБ (Ресей Федерациясы) арасында жасалған Ынтымақтастық туралы келісімді орындау щеңберінде 2016 жылғы 20 қазанда «ZuluGIS 8.0. геоақпараттық жүйесі және сараптама жұмысында есеп кешендерін пайдалану үлгісі» тақырыбында оқыту вебинары өткізілді. Вебинарға қатысушылар: орталық аппараттың және «Мемсараптама» РМК-нің барлық филиалдарының инженерлік желілер және жүйелер бөлімдерінің сарапшылары. Қатысушылардың кәсіби қызығушылығын танытқан өткізілген оқыту іс-шарасының мақсаты – біліктілікті үздіксіз жоғарылату, оның ішінде сараптама жұмысында геоақпараттық технологияларды қолдану саласында. Вебинардың лекторы «Политерм» АҚБ-ның бас директоры - Григорий Григорьевич Крицкий, ZuluGIS 8.0. геоақпараттық жүйесі және инженерлік желілер есептері бойынша бағдарламалық кешендері пайдаланушыларын сүйемелдеу жөніндегі бас маман - Дмитрий Александрович Емельянов. Семинар модераторлары: «Аудит-Политерм» АҚБ, «Стройдевелопмент» ЖШС.