Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Дәріс тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау туралы»

2017-08-09
Дәріс тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау  туралы»
Дәріс тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау  туралы»
04.08.2017жылы «Мемсараптама» РМҚ Батыс өңірі бойынша филиалының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жоспар шеңберінде «Мемсараптама» РМҚ Батыс өңірі бойынша филиал директоры Қ.Мыңбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды және өткізілді. Дәріске қатысу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Айтжанов Н.Ж. шақырылды. Директор дәріс қатысушыларына "қош келдіңіздер" деп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында екенін атап өтті. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сондықтан, Призидент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызметтің жүргізілуін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сұрақтарды жинақтайтын жаңа орган құрылды. Дәрісті жалғастыра отырып, Айтжанов Ж.Ж. жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның негізгі бағыты мемлекеттік қызметтердің сапасының жоғарылауы екенін, бүгінгі таңда азаматтың мемлекеттік органдармен кез келген қарым қатынасы қызмет алумен байланысты болғандықтан, сыбайлас жемқорлықпен ішінара жанаса өту мүмкіндігі бар екенін атап айтты. Дәріс соңында филиалда құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік сарапшылардың дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тұрақты негізде мақсатты жұмыстар жүргізілетіні қорытындылап атап айтылды. Филиал ұжымы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Н.Ж. Айтжановқа танымдық дәріс-әңгіме жүргізгені үшін алғысын білдірді.