Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Aquatherm Almaty 2017 – жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 10-шы Халықаралық көрмесі.

2017-09-10
Aquatherm Almaty 2017 – жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 10-шы Халықаралық көрмесі.
Aquatherm Almaty 2017 – жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 10-шы Халықаралық көрмесі.
Aquatherm Almaty 2017 – жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 10-шы Халықаралық көрмесі.
2017 жылғы 5 қыркүйектен бастап 8 қыркүйеккке дейін Aquatherm Almaty 2017 – жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 10-шы Халықаралық көрмесі өтті, аталған көрмеге «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының сарапшылары А.С. Қазыбекова, И.В. Шаповалова, Г.Е. Журтубаева және бағаларды мониторингтеу бойынша бас маман О.А. Гоголь қатысты. Аталған шараны ұйымдастырушы ҚР ИДМ және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктестігі ITE Group PLC (Великобритания) болды. Бүгінгі таңдағы Aquatherm Almaty – өндірушілер мен сатып алушылардың кездесуінің, жобалау мен құрылыстағы инновациялық шешімдерді үйренудің, жаңа жабдықтарға шолу жасау, бизнес географиясын кеңейту және іскерлік байланыс желілерін дамытатын басты алаң. Көрмеге қатысуға Беларусия, Германия, Дания, Египет, Иран, Италия, Қытай, Қырғызстан, ОАЭ, Пәкістан, Польша, Ресей, Тайвань, Турция, Украина сияқты мемлекет өкілдері келді. Көрменің бірінші күні, тұрғын үй шаруашылы бойынша маңызды мәселелерді қарастырып, талқылаудың диалогты бірыңғай алаңшасына және инновациялық шешімдермен алмасу алаңшасына айналуға мүмкіншілік берген «Тұрғын үй шараушылығын дамыту бағдарламасы- жаңғырту және жаңа шешімдер» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өткізуден басталды. Мемлекеттік органдар мен тәуелсіз ұйымдар энергиялық тиімді технологияны енгізу және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» ауысу жағдайындағы Тұрғын үй шаруашылығын жетілдірудің ары қарайғы кезеңдері мәселелерін талқылады. Жылыту өнеркәсібінің Неміс федерациясы (BDH) Европадағы жылыту және суыту жүйесін әзірлеудегі кешенді жұмылдыру жайлы айтып өтті. «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Холдинг Алматы Су» МКК қалалық жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыс барысы жайлы есеп беріп, сонымен қатар, көрмеге қатысушыларды сумен жабдықтау, су тарту және канализация суларын тазарту саласындағы жаңа шешімдермен таныстырып өтті. Екінші күннің іскерлік бағдарламасының күн тәртібіне су тазалау саласындағы талқылаулар мен жаңа технологияларды презентациялау кірді. Тапсырылған тақырып шеңберінде Алматы қаласының, канализациялық тазалау имараттарына (КТИ) экскурсия жасау ұйымдастырылды. Көрменің үшінші жұмыс күні қатысушылар үшін «Алматы жылу желілері» ЖШС Сорғы станциясына экскурсия жасау және «Алматы жылу желілері» ЖШС жаңа Оқу орталығына бару ұйымдастырылды.