Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың электронды порталындағы жаңа модульдерді түсіндіру бойынша кеңес өтті www.epsd.kz

2017-09-16

«Мемсараптама» РМК басқа атқарушы органдармен өзара әрекет ету шеңберінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі, сараптама ұйымдары Палатасы президиумының мүшесі М.С. Абдибаеваның қатысуымен жобалау және сараптама қызметін жетілдіру, сондай-ақ, қайта қарастырылатын жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жүктеу және коммуникация модулын презентациялау бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңеске «Алматы қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы» КММ, «Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ, «Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы» КММ, «Алматы қаласының Құрылыс басқармасы» КММ, «Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ, ШЖҚ «Бастау» МКК, жобалау ұйымдарының басшылары қатысты. Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1) Порталдың екі жаңа модулы презентацияланды (коммуникация және ЖСҚ қайта жүктеу модулы); 2) Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы ҚР заңнамасындағы өзгертулер мен толықтырулар (ҚР Инвестиция және даму бойынша министрлігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы №370, 2017 жылғы 17 шілдедегі №477 бұйрықтары) мәліметке алынды; 3) Дәйекті мәселелер мен жобалар бойынша жиі кездесетін ескертулер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша, жобалау сапасын арттыру мақсатында, сараптама қызметін жетілдіруге, жобалаушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетуге, конструктивті диалогты ұйымдастыруға бағытталған бірлескен шаралар циклін өткізу туралы шешім қабылданды.