Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2017 жылғы жыл қорытындысын жүргізу. 2018 жылға арналған мақсаттар мен тапсырмалар.

2018-03-13
2018 жылғы 13 наурызда филиалдың конференция залында филиалдың 2017 жылдағы жыл қорытындысын жүргізу және 2018 жылға арналған мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау туралы өндірістік кеңес өтті. Филиал директоры С.О. Лекеров филиал қызметкерлерін Астана қаласында «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Д. Карагойшиннің басшылығымен өткен Республикалық кеңес нәтижесінің хаттамасымен таныстырып өтті, сонымен қатар, өткен жылы филиалдың алдына қойған тапсырмаларының түгелдей орындалып, 2017 жылды филиал жақсы нәтижелермен аяқтағаны жайлы айтып өтті. Қызметкерлермен талқыласа, пікірлерімен алмаса отырып, кеңес қорытындысы бойынша 2018 жылға мақсаттар мен тапсырмалар қойылып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.