Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция

2018-03-30
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция
 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбына лекция
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы және «Туған ел» қоғамдық бірлестігі басшысы Е. Кемалдинұлының қатысуымен 2018 жылдың 29 наурызында «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарды кіріспе сөзімен «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Мыңбаев Қ.Т. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес филиалмен жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық дерлік елдерінде саяси дамуына қарамастан, соның ішінде Қазақстанда да жалғасуда, оның айырмашылығы тек көлемінде. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестиция тарту процестеріне кедергі келтіреді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағының дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру басымдығына мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевпен анық белгіленген мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің Жаңа саяси басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екендігін атап өтті. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқан кезінде, қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жоюға болмайтынын бірнеше рет айтты. Жұмабай Е. К. дәрісті жалғастыра келе Елбасының Қазақстан халқына жолдауларында мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдету - әкімшілік реформа мақсатынан туындайтын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған міндеттері қызыл сызықпен өтетіндігін атап өтті. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгіледі. Содан бері мемлекеттік органдардың функциялары қысқарып келеді, олардың жұмыстарының бақылануы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі, экономика мен бизнесте мемлекеттік қатысу азайтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет Басшысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қабылдау туралы тапсырмалар берілді. Нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың топталуына әкелген жаңа орган құрылды. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ел Президентіне тікелей бағынысты орган бола отырып, мемлекеттік қызметті, кадр саясаты мен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді тиімді іске асыруда мемлекеттің және қоғамның күш-жігерін біріктіреді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, өйткені қазіргі таңда азаматтың мемлекеттік органдармен практикалық кез келген өзара іс-қимылы қызметтер көрсетуге байланысты, ішінара сыбайлас жемқорлық құраудан айырылмаған. Дәріс соңында қорытынды шығарылып, филиалда құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және мемлекеттік сарапшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыстар жүргізілетіндігі атап өтілді. Филиал ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс басқармасының бас маманы - Е. Жұмабайға және «Туған ел» қоғамдық бірлестігінің басшысы Е. Кемаладинұлына танымдық дәріс-әңгімелесулер жүргізгендері үшін алғыс білдірді.