Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Сейсмикалық құрылыс негіздері» тақырыбында семинар өтті.

2018-11-07

2018 жылдың 6-7 қарашасы күндері Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласындағы филалында (бұдан әрі - филиал) «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Сейсмикалық құрылыс негіздері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға филиал қызметкерлері мен Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы және Оңтүстік өңір бойынша филиалдарының сарапшылары қатысты. Филиал директорының міндетін атқарушы А.Г. Хусаинов кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлерде орналасқандығын атап өтіп, мұндай дәріс алу кәсіпорын қызметі үшін аса маңызды екендігін жеткізді. Семинар барысында мынадай тақырыптар қозғалды: сейсмикалық құбылыс және сейсмикалық қауіп, бұрын болған зілзалалар мен әлем кеңістігінде және Қазақстан Республикасында болашақта болуы ықтимал жойқын зілзалалар, сейсмикалық әсерлер, ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық әсерлерге есептелуі, Еуропа ынтымақтастығы елдеріндегі нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың қазіргі уақыттағы жай-күйі, сонымен қатар Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтары туралы және т.б. Семинар соңында, аттестаттау сынағын сәтті тапсырудан кейін сәйкес аттестациялық куәліктер берілді.