Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимумы» тақырыбындағы семинарларға қатысу

2018-12-19
«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимумы» тақырыбындағы семинарларға қатысу
«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимумы» тақырыбындағы семинарларға қатысу
2018 жылғы желтоқсанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының басшылығына және жауапты қызметкерлеріне арналған «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимумы» тақырыптары бойынша семинарлар өтті. Семинарлар барысында мынадай тақырыптар қаралды: қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі туралы нормативтік-құқықтық актілер; қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайын оперативтік бақылау (ішкі, мемлекеттік және қоғамдық); дәнекерлеу және басқа да отпен жасалатын жұмыстар барысындағы, желдету және кондициялау, электр желілері мен құрылғыларды ұстау мен пайдаланудағы өртке қарсы қауіпсіздік; техникалық қауіпсіздік журналын жүргізу қағидалары, жұмыскерлер мен жұмыс беруші қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында ұстанатын қағидалар және міндеттер, кәсіпорын және т.б. аумақтарда өртке қарсы режим (тәртіп). Семинарлар және білім тексеру аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар мен куәліктер табысталды.