Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Өскемен қаласында волейбол және футболдан аймақтық ойындар

2022-10-28
Өскемен қаласында волейбол және футболдан аймақтық ойындар
Өскемен қаласында волейбол және футболдан аймақтық ойындар
Өскемен қаласында волейбол және футболдан аймақтық ойындар
Өскемен қаласында волейбол және футболдан аймақтық ойындар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы No168 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, өткен аптада «Мемсараптама» РМК-нің құрама командасы Қазақстан Республикасы Күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті Төрағасының Кубогына жыл сайынғы мини-футбол және волейбол турнирінің құрметіне автожол саласының қызметкерлері арасындағы Өскемен қаласында өткен волейбол және футбол бойынша аймақтық ойындарға қатысты. Жарысқа ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің құрылымдық бөлімшелері, Орталық аппарат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Облыстық филиалдары, Орталық аппарат, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалдары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы жолдар дирекциясы, «Қазақавтожол» филиалы, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК қатысты. Біздің команда волейболдан бірінші орынды және мини-футболдан үшінші орынды иеленді, осыған байланысты финалдық ойындарға қатысуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, волейболдан «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Мақсат Біржанұлы Шаймерден марапатталғанын атап өткен жөн. Ұйымдастырушылардың алдын ала ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 25-26 қарашасында Астана қаласында волейбол және шағын футбол бойынша финалдық ойындар өтеді, оған «Мемсараптама» РМК командалары қатысады. Біздің спортшыларды құттықтаймыз және оларға финалдық ойындарда сәттілік тілейміз!