Шығыс өңірі бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен және Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаменті, «Казстандарт» РМК-нің Шығыс Қазақстан филиалымен бірлесіп 2023 жылғы 19 сәуірде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бойынша ережелерді түсіндіруге қатысты кеңес өткізді:
- ҚР СТ 3049-2017 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық»;
- ҚР СТ ISO/IEC TS17021-9-2020 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар 9-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелеріне аудит жүргізу және сертификаттау үшін құзыреттілікке қойылатын талаптар".