Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2023-11-06
«Мемсараптама» РМК-нің әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
1) Бос орынның атауы – заң бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2023 жылғы «10» қарашада сағат 18.30-ға дейін karataeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Білімге қойылатын талаптар: жоғары заң білімі. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жақсы болар еді. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл; Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; - Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалдық кодексі; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері; - және осы лауазымдағы функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 1) іскерлік хат алмасу дағдылары; 2) іскерлік қарым-қатынас дағдылары; 3) командада жұмыс істеу; 4) келіссөздер жүргізу; 5) құжаттардың жобаларын әзірлеу және жүргізу (келісімдер, ережелер, регламенттер және т.б.). Функционалдық міндеттері: 1) Кәсіпорынның қызметінен туындайтын барлық сатылардағы соттарда Кәсіпорынның мүдделерін білдіру; 2) Кәсіпорынның қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Кәсіпорынның ішкі актілерін әзірлеу; 3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; 4) Кәсіпорын бекіткен нысандар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларында көзделген келісімдер жасасу; 5) Кәсіпорын архивына тапсыру үшін бөлімше істерін (құжаттарын) қалыптастыру, бөлімше қызметкерлеріне істердің (құжаттардың) қалыптасуын тексеру және бақылау; 6) Кәсіпорын мен филиалдардың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды есепке алу; 7) басқа құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері алаңдар мен автокөліктің белгіленген лимиттеріне сәйкестігі бойынша жүргізетін іс-шараларды есепке алу; 8) Кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру жөніндегі рәсімді құқықтық сүйемелдеу; 9) Кәсіпорын мен филиалдардың қызметін мемлекеттік аудиттерді және өзге де тексерулерді есепке алу. Аудиторлық есептерге, сұрау салуларға, мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарына және өзге де тексерулерге заңдық негіздемелерді дайындау және ұсыну. Бұзушылықтардың мониторингі және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; 10) Кәсіпорынның мүлкін қайта бөлуді не беруді дайындау және құқықтық сүйемелдеу; 11) филиалдарға бекітілген мүлікті қайта бөлуді не беруді үйлестіру және құқықтық сүйемелдеу; 12) Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын әзірлеу және келісу; 13) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада және Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 14) шарттық міндеттемелерді бұзған өнім берушілерден тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) өндіріп алу және оларды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қабылдау; 15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде сот шешімі негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне өнім берушілерді енгізу үшін мемлекеттік сатып алу секторына ақпарат беру; 16) Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау; 17) Бөлімше бастығының және Кәсіпорын басшылығының Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау; 18) Бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша уақытша болмаған Бөлімшенің бас маманының міндеттерін орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (сонымен қатар кадрлық іс жүргізу бойынша семинарлардан өткені туралы сертификаттар); - түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді. Сыртқы конкурстық іріктеу ішкі іріктеу қорытындылары бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат айқындалмаған жағдайда жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2023 жылғы «13» қараша – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2023 жылғы «14» қараша – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2023 жылғы «15» қараша – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата