Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК комплаенс-қызметі жетекшісінің орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2023-11-27
«Мемсараптама» РМК комплаенс-қызметі жетекшісінің орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК комплаенс-қызметі жетекшісінің орынбасары. 2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген Мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) (бұдан әрі – Кәсіпорын), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-45-00. 3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты - құжаттар 2023 жылғы «04» желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін karataeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау Білімге қойылатын талаптар: заң/техникалық/ экономиқалық мамандықтарға бойынша жоғары кәсіби. Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және комплаенс бойынша сертификаттың болғаны жөн. Мамандық бойынша не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; - Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі; - «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - компьютерде жұмыс істеу дағдылары; - іскерлік хат алмасу дағдылары; - іскерлік қарым-қатынас дағдылары. Функционалдық міндеттері: 1) мыналардың: Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясатын; Кәсіпорын жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың; Кәсіпорындағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеуді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын; корпоративтік этика және мінез-құлық мәселелерін реттейтін құжаттың әзірленуін және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. 2) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асыру; 3) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 тіркелген) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Кәсіпорынның және аумақтық бөлімшелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіру; 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Кәсіпорын қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысу; 5) Кәсіпорында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асыру; 6) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу; 7) Кәсіпорын жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету; 8) Кәсіпорын ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу; 9) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету; 10) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын әзірлеуін және орындауына мониторинг жүргізуді бақылау; 11) мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу, оның ішінде жұмысқа орналастыру, сатып алу және Кәсіпорынның бизнес-процестері мәселелерінде шаралар қабылдау; 12) Кәсіпорындарға сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдау; 13) контрагенттердің сенімділігін тексеруді бақылауды жүзеге асыру; 14) Кәсіпорын және аумақтық бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы, ішкі тәртіп қағидаларын сақтау, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту қағидаларын сақтау, Кәсіпорынның қолданыстағы Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Кәсіпорын жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша тұрақты тексерулерді ұйымдастыру; 15) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың Кәсіпорын жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттеріне, сондай-ақ «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына, оның ішінде Кәсіпорын жұмыскерлері жасаған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы: - сенім телефоны арқылы: +7 (7172) 57-38-01 (Кәсіпорынның ресми сайтында көрсетілген) нөмірі бойынша келіп түскен өтініштер мен шағымдар бойынша құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдай отырып, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу; 16) Кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты қызметтік тергеу қорытындыларын тәртіптік комиссияға шығару; 17) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сот тәжірибесіндегі өзгерістерге мониторинг және талдау жүргізу; 18) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу; 19) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдау; 20) Кәсіпорын басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізу; 21) Кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне қарай, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын тудырмаса, комплаенс, іскерлік этика, орнықты даму мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асыру; 22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау; 23) ұсынылған құқықтарға сәйкес «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында бақылау және жұмыс істеу. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білім туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған кезде семинарлардан өткені туралы сертификаттар); - түйіндеме; - адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру; - сотталмағандығы туралы анықтама. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді. Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2023 жылғы «05» желтоқсан – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2023 жылғы «06» желтоқсан – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2023 жылғы «07» желтоқсан - конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата