Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар

2023-11-29
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар
2023 жылғы 24 қарашада «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің өкілі Светлана Николаевна Зайцеваның қатысуымен Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кеңес өтті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы С.Н.Зайцева қатысушыларды Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып өтті. Спикер өз сөзінде негізсіз байыту бойынша жауаптылыққа толық тоқталып, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін айтты. Дәріс барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы, сондай-ақ өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру талқыланды.