Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір терезе» қағидатымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша кәсіпорынның көшпелі кеңесі болып өтті

2015-06-15
«Бір терезе» қағидатымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша кәсіпорынның көшпелі кеңесі болып өтті
«Бір терезе» қағидатымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша кәсіпорынның көшпелі кеңесі болып өтті
«Бір терезе» қағидатымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша кәсіпорынның көшпелі кеңесі болып өтті
2015 жылғы 13 маусымда Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК бас директорының м.а. Т.Д. Карагойшиннің төрағалық етуімен «бір терезе» қағидатымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша кәсіпорынның көшпелі кеңесі болып өтті. Кеңеске «Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі С.К. Бекмухамбетов, «Мемсараптама» РМК жинақтау бөлімі бастығының орынбасары Б.Б. Искаков, сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша филиалдарының барлық жетекші қызметкерлері, бөлім бастықтары және жетекші сарапшылары қатысты. Аталған кеңесте еліміздің барлық оңтүстік аймақтарынан шақырылған құрылыс жобаларының жобалаушылары мен тапсырысшыларының мүдделі өкілдері де болды. Кеңес төрағасы – Т.Д. Карагойшин қатысушыларды ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің жаңа принциптерімен, ТЭН немесе ЖСҚ материалдарын бастапқы құжаттарымен бірге электрондық портал арқылы ұсыну тәртібімен, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығымен (салалық сараптамаларды қоса алғанда) таныстырды. Ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша белгіленген мерзімде қатаң есеп беретін бланкіде электрондық қол қойылған ескертулер бір рет қана берілетінін атап айтты, сонымен бірге, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің жаңа ережелері бойынша «Жоба» сатысындағы нысандарды сараптама қарастырмайтынын хабарлады. Сараптамалық сүйемелдеу режимімен сараптама жүргізу алып тасталады. Сарапшылардың тапсырысшылармен «онлайн» режимінде (телефонмен сөйлесу, интернет арқылы хат-хабар алмасу, даулы мәселелер туындаған жағдайда алқалық кеңес өткізу) жұмыс істеу принципі және сарапшылардың тапсырысшылармен және жобалаушылармен жеке байланысқа шығуына тыйым салынатыны ерекше атап өтілді. Қатысушылардың сұрақтарына «Мемсараптама» РМК бас директорының м.а. Т.Д. Карагойшин, «Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі С.К. Бекмухамбетов, «Мемсараптама» РМК жинақтау бөлімі бастығының орынбасары Б.Б. Искаков жауап берді. Қорытынды сөзді «Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі С.К. Бекмухамбетов алды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 Бұйрығы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, оларды «Мемсараптама» РМК ресми сайтына орналастыру қажеттігін айтты. Барлық туындаған сұрақтар бойынша ресми жауаптар кәсіпорынның сайты арқылы да берілетіні туралы атап көрсетті.