Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері туралы» Заңындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру бойынша кеңес

2015-12-02

2015 жылғы 14 қарашада «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері туралы» Заңындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру іс-шаралары аясында Лицензиялау және аттестаттау бойынша мониторинг және бақылау басқармасының жетекшісі С.В. Бочарованың, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының жетекшісі Т.А. Бижановтың, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің, құрылыстағы баға белгілеу орталығының директоры Б.Б. Жанузаковтың, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының басшылығы және қызметкерлерінің Алматы қаласындағы басқармалардың жетекшілерінің, Алматы қаласы әкімдігінің және жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел режимінде кеңес өткізілді. Кеңес жұмысының барысында жобалау және құрылыс компанияларында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істерін лицензиялау саласына жаңадан енгізілген өзгерістер туралы, жобалау және құрылыс ұйымдарының инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялауды енгізу Ережелеріне және нысандардың құрылысын жобалауды басқару бойынша инжинирингілік қызмет көрсету ережелеріне және жобаларды басқару қызметін көрсетуші ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сонымен бірге, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қазіргі заманауи баға белгілеу мәселелері, құрылыс құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу бойынша заңнамалық реформалар талқыланды. Кеңеске қатысушылардың арасында өткен сындарлы диалог Алматы қаласы әкімдігінің және жобалау ұйымдарының өкілдеріне көптеген күрделі мәселелерге жауап алуларына мүмкіндік берді. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетіне осы кеңеске қатысқаны үшін өз алғысын білдіреді.