Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес

2016-03-15
Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес
Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес
Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес
Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес
Алматы қаласы құрылыс көлемі бойынша Республикада жетекші орындардың бірін нық сеніммен алады. Жыл сайын тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша мемлекеттік Бағдарламаны орындау, өндірістік, сауда, әлеуметтік, мәдени мақсаттағы жаңа нысандарды құру, сондай-ақ, көлік коммуникацияларын салу жобаларды уақытылы және сапалы сараптауды қажет етеді. «Мемсараптама» РМК жүйесінің барлық аумақтық бөлімшелері шапшаңдықты, иілгіштікті, сонымен бірге қабылданатын шешімдерде қаттылық пен принциптілікті талап ететін қазіргі заманғы құрылыс бизнесінің талаптарына барынша сай келуге тырысады. «Мемсараптама» РМК мен жергілікті атқару органдарымен өзара ынтымақтастық аясында 2016 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың төрағалығымен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу сапасын арттыру және құрылысқа бөлінген бюджеттік қаржыны үнемдеу мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді. Сондай-ақ, кеңеске Алматы қаласы әкімінің орынбасарыАсел Жунусова, қаланың бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, қаланың коммуналдық қызметтерінің және жобалау ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кеңесті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев ашып, жаңа муниципалдық нысандарды жобалау сапасыз және экономикалық жағынан тиімсіз болып жатқандығы туралы атап айтты. Әкімнің орынбасары жобалау-құрылыс кешенінің барлық қатысушыларымен бірігіп кідірмей шешуді талап ететін маңызды мәселелерді белгілеп берді. Кеңес барысында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының негізгі қызметі бойынша филиал директоры Саябек Лекеров баяндама жасады, ол 2015 жыл бойынша филиал қарауына 723 жоба келіп түскенін, оның ішінде 77 жоба пысықтауға жіберілгенін атап көрсетті. Жобалардың жалпы мәлімделген құны 867 млрд. теңгені құрады, сараптама өткеннен кейін 49 млрд. теңгеге төмендеді, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша 43 млрд. теңгеге төмендеді. Сондай-ақ, жобалар бойынша аса жиі кездесетін ескертулер атап өтілді, олардың ішінде геологиялық кесіктердің болмауы, арнайы техникалық шарттардың ұсыныстарының орындалмауы, жылу техникалық есебінің ұсынылмауы және т.б. Осы мақсатта сараптамалық қызметті жетілдіруге, жобалаушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек және қордаланған мәселелер бойынша түбегейлі диалог ұйымдастыруға бағытталған біріккен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Баяндамадағы негізгі мәселелердің бірі құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту үлесінің өсу динамикасы болып табылады. Сараптама жүргізу нәтижесінде, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 12,01%-ға артып отыр және 75,15% құрайды. Өз баяндамасының соңында филиал директоры 2016 жылғы жобалау сапасы мәселелеріне қатысты жергілікті атқару органдарымен өзара ынтымақтастық бойынша мақсаттарды белгілеп берді. Кеңес қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың тапсыруымен өкілетті орган бірнеше жобалау ұйымдарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, ҚР Заңнамасы аясында тиісті шаралар қолданады. Бұдан басқа, кеңес барысында жобаларды келісу бойынша комиссия құрылғаны және оның мәжілістері апта сайынғы негізде жүргізілетіні белгілі болды. Комиссия құрамына өкілетті мемлекеттік органдардың және қаланың коммуналдық кәсіпорындарының өкілдері енді.